Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры көрермендеріне “Дөкей келе жатыр” атты қойылымын ұсынды

Ауылдың әкімі Көпей бірден былық-шылықты реттеуге кірісіп кетті. Ал Қилау болса, пайда тапқысы келіп, ауылдастарын жаман тұсынан көрсетуге барын салады. Қойылым бойы көріністер осы бағытта өрбиді. Жалпы бұл – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің департаменті мен облыстық қазақ театрының бірлесіп қойған спектакілі.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Спектакльде жағымпаздық қасиеттерді сатира ретінде көрсетіліп, әшкереленеді. Оның үлкен тәрбиелік мәні бар.

Сонымен, барлық ауыл дүрлігіп күтіп отырған Дөкей – жоғары жақтан келе жатқан басшы емес, сол ауылдың жалаң аяқ студент баласы болып шықты.

Қойылымдағы басты рөлдердің бірі – Қилауды сомдау Асылхан Разиевке бұйырған. Бұл оның тәжірибесіндегі алғышқы зұлым кейіпкер екен. Туындыны сахналауға актерлер 2 ай дайындалыпты.

Асылхан Разиев – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актері:


– Өз образым жайлы айтсам, Қилау – өз қамын ойлаған, басшылықты аңсап жүрген жігіт. Дөкей келеді деген сыбыс оған майдай жағады. Өз басшысын дөкейлердің алдында түсіріп, жақсы орынды иемденгісі келеді. Соның тұсында әртүрлі қитұрқы істер жасайды.


Қоғамдағы індетті күлкілі жағдай арқылы жеткізген бұл қойылым көрерменді ойға салды.

– Мұндай жағдай ауылда шынымен болып тұрады. Бір адам келеді десе, ауылды жинай бастайды.

– Көптен қойылымдарға келмеп едім. Негізі мен театрға сирек келемін. Бүгінгі қойылым маған ұнады.

– Спектакль жемқорлыққа байланысты болды. Шынымен де бұл қоғамда орын алатын жағдай. Сондықтан болар, туынды маған үлкен ой салды.

Жалпы спектакль жерлес жазушы-драматург Сафуан Шаймерденовтің “Дөкей келе жатыр” пьесасы бойынша сахналанды.

 

Молдир Макишева