Ауыл шаруашылығы

Қорадағы төрт түлікке түрлі ауруларға қарсы екпе жасалуда

Ветеринар Зеңгібаба төлдерінде бруцеллездің бар-жоғын анықтау үшін қан сынамасын алуда. Ол расталмаса, екі күннен соң сібір жарасына қарсы вакцина егілмек. Мұнда сондай-ақ, бұқаның құлағына жеке нөмір де тағып берді.

Елена Зорина – қала тұрғыны:


–  Біздің малға жылына екі рет түрлі тексерулер жасалып, вакцина егіледі. Осындай шаралар жүргізіп тұратындықтан сиырларымның дені сау екеніне шүбәм жоқ. Қара малды қыс кезінде жем-шөп және сумен ұдайы қоректендіріп отырамыз. Ал, жазғытұрым өріске жібереміз.

Жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған екпе ветеринарлық талаптарға сай көктем және күзгі уақытта жүргізіледі. Биыл аталған шаруаны атқару үшін қалалық қазынадан 2 млн 255 мың теңге қаражат бөлініпті.

Ирина Гуськова – Петропавл қалалық ветеринарлық станцияның мал дәрігері:


– Біз Сібір жарасына, бруцеллезге, пастереллёзге және құтыруға қарсы вакцина егеміз. Олардың барлығын арнайы жоспар бойынша жүргіземіз. Биыл әзірге жұқпалы аурулар анықталған жоқ. Бірақ, былтыр 4 сиыр және 2 ұсақ малда бруцеллез анықталды. Олардың көзі дер кезінде жойылды.

Ветеринарлар көктемгі екпе жұмыстарын мал өріске шыққанша аяқтауы тиіс. Айта кетсек, бүгіндері қала аумағында 833 бас қара мал, мың шақты қой, 300-ге тарта шошқа мен 291 бас жылқы тіркелген.

 

Тогжан Акмагамбетова