Білім

Өңірдегі 150 көше аты өзгертілмек

Осымен 7-ші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі сайыстың соңғы кезеңіне теріскейлік 55 ұл-қыздың жұмысы жолдама алыпты. Олардың 42-сін мектеп оқушылары, қалғанын колледж студенттері әзірлеген. Бүгін үздік туынды авторлары марапатқа ие болуда.

Қазақ тіліндегі шығармалардың арасында Айыртау ауданына қарасты, Дәуқара орта мектебінің оқушысы Ажар Ақжігітова бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз өзінің туындысын жазар алдында ауыл ақсақалдарымен кездесіпті. Сол кісілердің жер-су аттарына қатысты айтқан деректерін жұмысына қосқан екен.

Ажар Ақжігітова – байқау жеңімпазы, Айыртау ауданы:


–  Ауылдың жер-су аттарын зерттедім. Орынбай сынды ақын адамдардың шығармашылығымен танысып, ол кісі жайлы да өз туындымда жаздым.

Кейін, әңгіме ауаны өлкеміздегі ономастика тақырыбына ауысты. Бұл бағытта өңірде арнайы топ жұмыс жасап жатыр. Олар қазір облыстағы көше атауларын қайта қарастыруда.

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

 


–  Биыл өңірімізде 150-ге жуық көшені өзгеру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ономастика тобы оң қорытынды бергеннен кейін, жергілікті әкімдікпен бірлесіп көше атауын әділет органдарында тіркейді.

12 көшенің атауын өзгертуге қатысты ұсыныс өңір тұрғындарынан түскен. Олар ономастика тобы елімізге белгілі азаматтардың аты-жөндерін қарастырса дейді. Мамандар әзірге өтініштердің 6-ын мақұлдаған. Болашақта басқа ұсыныстар да жан-жақты қаралатын болады.

Байболат  Култанов