Қоғам

Наурыз мейрамы қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені балаларға мерекелік шара ұйымдастырды

Әлия Үсейінова – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі:

 


– Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музейінің қорынан әкелінген. Шоқан Уәлихановтың ағаштан жасалынған жол сандығы қойылған. Шамамен 1850-ші жылдары жасалынған. Ол өз сапарларында осы сандықты бірге алып жүрген.

Сондай-ақ, көрмеден этнограф-зерттеушінің жанұялық суреттері мен сирек жәдігерлерін кезіктіруге болады. Барлығы көрме аудандық мұражайлардың 125 экспонатын қамтиды.

Әлия Үсейінова – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жүргізушісі:


– Өте құнды баға жетпес заттар, біздің жерлестеріміздің, ағартушыларымыздың жалпы адамдардың өмірі жайлы сипаттайтын өте көп мәліметтер берілген.

Бүгін танымдық тарихи-мәдени құндылықтармен жергілікті орта арнайы оқу орындарының студенттері де таныса алды. Шоқан Уәлихановтан өзге оларға аққайыңдар өлкесінде дүниеге келген Ғ.Мүсірепов, Ж.Қизатов, И.Шухов сынды белгілі қайраткерлердің өмірі мен қызметінен сыр шертер мәліметтер берілді.

Дмитрий Мартынов – медициналық колледждің студенті:

– Көрмеде белгілі тұлғалардың өмірімен танысуға мүмкіндік алдым. Мұнда олар туралы бірқатар мағлұмат, өзге музейлерде кезіктіре бермейтін жеке заттары ұсынылған. Болашақта экспонаттарды достарыммен бірге тамашалауға ойымда бар.

Теріскейліктер еліміз бен өлкеміздің әдеби мұрасына өлшеусіз үлес қосқан белгілі қоғам қайраткерлерінің көзі тірісінде қолданған заттарымен сәуір айының 16-на дейін таныса алады.

Бахыт Садвокасов