Денсаулық сақтау

Теріскейде туберкулез ауруы көрсеткіші төмендеді

Қалғандары тұрғындардың ағзасынан табылған немесе олардың таралу қауіпі жоғары екен. Теріскейліктердің арасында әсіресе сальмонеллёз дертіне шалдыққандардың қатары қалың. Ал, өлкемізде кең таралған туберкулезді жұқтырғандар керісінше азайып келеді.

Серікбай Қасмақасов – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:


–  Өткен жылы туберкулез вирусын жұқтырғандардың қатары 8,2 пайызға төмендеді. Алайда, біздің өңір бұл ауру көрсеткіші бойынша республикада алғашқы орында тұр.

Өкініштісі – туберкулез вирусын жұқтырғандардың арасында балалардың саны көбейіп келеді. Мәселен, өңірімізде 2016-шы жылы 16, ал былтыр 24 балғын осы қауіпті дертке шалдығыпты. Бұған басты себептердің бірі – ата-аналар ұл-қыздарына вакцина қойдырмайды екен. Серікбай Қасмақасовтың сөзінше өткен жылы 282 адам балаларына дәрі ектіруден бас тартқан. Сонымен қатар, 14 жерлесімізден “А” гепатитінің белгілері анықталған. Қазір бұл инфекциямен күрес солтүстікте қызу жүргізіліп жатыр. Облыстық бюджеттен бөлінген 82 млн теңгеге вакцина алынып, теріскейліктерге егілуде.

Серікбай Қасмақасов – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

– “А” гепатитіне қарсы 3 жастағы толған балаларға вакцина егіп жатырмыз. Өңірдегі барлық балғындарға дәрі салынада.

Бұдан бөлек облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы брифингте өңірдегі азық-түліктің техникалық регламенті жайлы айтып өтті. Аталған ведомсто мамандары өткен жыл бойы сауда орындара мониторинг жүргізіпті. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері мен құс еті анықталған. Тағы, сапасы сын көтермейтін ойыншықтар да табылыпты.

Байболат  Култанов