Қоғам

СҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Орынтай Нашарбаев – әскерге шақырылушы:

– Әскерге барғым келеді.Өйткеніғ аға-жезделерім отан алдындағы борышын өтеді. Міне, колледжді бітіріп, әскерге барғалы жатырмын. Медициналық комиссия өттім, әскерге дайынмын.

Күн сайын қорғаныс департаментінде шамамен 50-ге жуық бозбала медициналық тексерістен өтуде. Денсаулығында кінәрәті барлар уақытша шеттетіледі.

Нәзира Ғабдуллина – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті медициналық қызметінің бастығы:

– Бүгінгі таңда жастар арасында омыртқасы сыр беретіндер, скалиоз бен майтабанға шалдыққандар жиі кездеседі. Сондай-ақ, соңғы жылдары көзі нашар көретін жандар көбейіп кетті. Бұған ұялы телефон мен компьютерді тым жақын қолдану себеп болып отыр.

Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқанында 18 бен 27 жастағы 600-ден астам теріскейлік жігіт еліміздің қарулы күштерінің қатарын толықтыратын болады. Оның 250-ге жуығы – Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдеріне, 200-і – Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен Шекара қызметіне жіберіледі. Наурыздың 1-і күні басталған көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айының соңында аяқталмақ.

Тогжан Акмагамбетова