Мәдениет

Сегіз серінің туғанына – 200 жыл

Амантай Бегенов – Сегіз серінің шөбересі:


– Сегіз серінің ұлы Мұстафадан менің әкем Беген, Бегеннен мен Амантай туғам. 200 жылдығына орай үлкен шара ұйымдастырып жатыр, көп рахмет.

Мұхамедқанапия БаҺрамұлы – бұл Сегіз серінің азан шақырып қойған аты. Ол өне бойына ақындық, сал-серілік өнер, саятшылық пен ұсталық кәсіп біткен, елге әйгілі палуан мен найза ұстаған батыр болған екен. Аңыз бойынша бұл сегіз қырлы, бір сырлы жігітке халық Сегіз сері деп ат беріпті. Дегенмен, туындылары халық әндерінің қатарына қосылып кетіп, ғибратты ғұмыры ұзақ жылдар бойы көлеңкеде қалған батыр бабамыздың өмірі мен шығармашылығы – бүгінде зерттеушілердің басты назарында.

Қарақат Шалабаев – ардагер ұстаз, Сегіз сері жайлы “Гүлтөбе-Маманай” кітабының авторы:

– 30-ға жуық ән, 4 дастан мен 5-6 күй шығарған. Оның туындыларының көбі бұған дейін халық әндері саналып келді. Сегізді өмірде болмаған аңыз адамы деп санаған да шақ болды.

Шара барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Жанбай Қадыров пен басқа да ғалымдар өз зерттеулерімен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар оқыды. Ал, кеш соңында облыстық филармония әншісі Еркебұлан Қарыпов Сегіз серінің көпке әйгілі “Ғайни” әнін орындап берді.

 

 

Саят Ермек