МТРА жаңалықтары

СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылды қорытындылады

Дегенмен, қарызды мерзімінде төлемейтіндермен жұмыс жүйелі жүргізіледі. Сондай-ақ, брифинг барысында мемлекеттік кірістер департаменті жанынын құрылған экономикалық тергеу қызметінің жұмысы жайлы айтылды. Олар мемлекет қаражатын заңсыз жымқырып жүрген кәсіпорындарды анықтайды.

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Былтыр өндірісте 157 қылмыстық іс болды. 41 пайызы ауыл шаруашлығы тауарын өндірушілердің заңсыз субсидия алуға қатысты.

Былтыр департамент жанындағы экономикалық тергеу қызметі заңсыз айналымнан 1 млн. 300 мың шөлмек алкоголдік сусын тәркілепті. Осы көрсеткішпен облысымыз ел бойынша көштің басына шықты. Сондай-ақ, өңірімізде жалған ақша шығаратындар бар. Бүгінде осы іспен айналысты деген күдікпен астыртын цехтың қожайыны ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Дей тұрғанмен облысымызда адал жолмен кәсібін дөңгелетіп, сапалы өнімдерін шетел нарығына шығарып жатқандар баршылық. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр облысымыздағы сыртқы тауар айналымы 24 пайызға ұлғайыпты.

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– 2017 жылы сыртқы тауар айналымының жалпы сомасы 400 АҚШ долларын құрады. 81 пайызы – экспорт.

Қазіргі таңда фискалдық орган кедендік ресімдеу үрдістерін оңтайландыруда. Нәтижесінде, шет елден тасылатын тауарды шекарада тексеру уақыты 1,5 сағаттан 19 минутқа дейін қысқарыпты.

Берік Қасен