Білім

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысысы халықаралық жобалар сайысынан жүлделі оралды

Солардың арасында Жәлел Болат та бар. Ол география пәні бойынша әзірлеген ғылыми жобасын 3 тілде қорғапты. 14 жасар жеткіншек жұмысында кіндік қаны тамған туған жері Өрнек ауылының тарихына тоқталған.

Жәлел Болат – Сафуан Шаймерденов атындағы классикалық гимназияның 9-шы сынып оқушысы:

– Өзім Есіл ауданы Өрнек ауылының тумасымын. Сондықтан осы ауылды зерттедім. Бұл болашақта оқушыларға, мұғалімдер мен ғалымдарға өз көмегін тигізеді деген ойдамын. Ал аталмыш жобаға 2017 жылдың сәуір айынан бастап дайындалған.

Ғылыми жұмыстың аясында жеткіншек Қызылжар ауданындағы Афонькино ауылының маңында өсетін самырсын ағашын зерттеген. Ол бұл ағаштың құрылыс, экология және ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасы мол екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген екен.
Бұл ретте Жәлелге ғылыми жетекшісі Аяжан Ғабдуллина және жоба жетекшісі Айжан Құсаинова бағыт-бағдар беріп отырған.

Айжан Құсаинова – Сафуан Шаймерденов атындағы классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі:

– Жәлел жауапкершілігі жоғары оқушы. Әр тапсырманы уақытында орындап отырады. Ол әр апта сайын жұмысын көрсетіп отырды. Біз Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” мақаласына сәйкес жер-су атауларын зерттеу тақырыбын алдық.

Сондай-ақ, 9-сынып оқушысы географиядан мектеп ішілік және облыс көлеміндегі олимпиадаларға жиі қатысады. Болашақта өз өмірін де осы саламен байланыстырмақшы.

 

Молдир Макишева