Денсаулық сақтау

“Болашаққа қадам” және “Өз десаулығың-өз қолыңда” акциялары жалғасуда

Кейуана гипертонияға шалдыққан. Сондықтан, күнделікті дәрі-дәрмектің көмегімен қысымын бірқалыпта ұстауға тырысады. Бүгіндік препараттарын қабылдап үлгермеген нәзікжанды “Рахмет” сауда үйінде ұйымдастырылған акция аясында бір эксперимент жасап көрді.

Зинаида Купряшина – зейнеткер:


– Ұзақ жылдар бойы денсаулығым сыр беруде. Жаңа келіп қысымымды өлшеттім. 130-дар шамасында болды. Кейін баспалдақпен төменгі қабатқа түсіп, көтеріліп едім, бірден 200-ге дейін жетті. Қазір барып дәрі-дәрмегімді қабылдаймын. Бұндай акцияларды өткізген абзал жандарға алғысы мол.

Ал, сексеннің сеңгіріне шыққан Альбина Куницкая болса, қан құрамындағы қанттың мөлшерін білгісі келеді. Нәтижесі бірер минуттың ішінде дайын болды. Зейнеткердің егде жасына қарамастан, қанындағы холестерин мен қант деңгейі орташа екен.

Альбина Куницкая – зейнеткер:

– Ауруханаға бармағаныма көп болды. Жылына бір рет қана тексерілемін. Сондықтан, бұндай шараларды жиі өткізу керек. Қысым, қант мөлшерін біліп қайттым.

Бұндай акцияларды сала мамандары жиі өткізіп тұрады. Себебі, оқу мен жұмыстан қолы босамайтындар өз денсаулықтарына
салғырт қарауы мүмкін. Сондықтан да, шараны ірі сауда орындарында ұйымдастыруда.

Айнаш Сағандықова – СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің жетекші маманы:


–  Ағымдағы жылдың ақпанында Астанада акция бастау алды. 01-42 Бұл акциялар айына екі мәрте өткізіледі. Кез келген адам келіп, денсаулығын тексеріп, маман көмегіне жүгіне алады.

Бірер сағат ішінде ондаған адам қан қысымын, қант пен холестерин деңгейін өлшеу мүмкіндігіне ие болды. Тағы мамандар адамның иммун тапшылығы вирусына да тексеріс жасады. Ең бастысы барлығы ыңғайлы, тез әрі жасырын түрде өткізіледі.

Эльмира Садвокасова