Әр түрлі

Петропавлға танымал баварлық аспаз Фридрих Обойковиц келді

Содан соң тауық еті, қозықұйрық, сарымсақты табада қуырып, қою кілегей мен дәмдеуіштерді араластырып соус әзірледі.

Фридрих Обойковиц – халықаралық дәрежедегі аға аспаз, “SES” Халықаралық ынтымақтастық орталығының эксперті:

– Қазақстандағы өнімдердің барлығы табиғи және таза. Осындай сапалы дүниелермен ас әзірлеудің өзі неткен ғанибет.

68 жастағы шетелдік мейманның жанында қаламыздағы мейрамханалардың бірінде тағам әзірлейтін жандар жүр. 50 жылға жуық еңбек өтілі бар маман бұл теріскейліктерге аспаздық өнердің көпшілігі біле бермейтін сырын үйретіп жатыр.

Александр Михеев – “Beer-Grad” мейрамханасының аға аспазы:


–  Тәжірибесі мол маман бізге бір апта бойына түрлі тағамдар дайындауды үйретті. Соның ішінде,танымал баварлық брецель, нан тоқаштары мен десерттер де бар.

Аспаз Фридрих Обойковиц өңірімізге “SES” халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы аясында келген. Осы ретте айта кетейік, Қазақстан мен Германия бірлесіп құрған жоба аясында кез-келген сала иесі халықаралық деңгейдегі эксперт мамандармен тәжірибе алмаса алады.

Ирина Васильева – “SES” Халықаралық ынтымақтастық орталығының СҚО-дағы өкілі:

 


– Бұл еріктілер бағдарламасы 2004 жылы еліміздегі түрлі кәсіпкерлік нысандардағы көрсеткіштерді еуропалық стандарттарға дейін көтеру үшін ашылған болатын. Сол уақыттан бері Қазақстаннның түкпір-түкпіріне көптеген халықаралық дәрежедегі мамандар келуде. Мысалы, осындай жандар біздегі “Петропавл нан-тоқаш комбинатына”, және бірқатар тігін шеберханаларына да келіп кетті.

Айта кетсек, Фридрих Обойковиц Петропавлда наурыздың 23-іне дейін тұрақтамақ. Осы уақыт аралығында өз ісінің хас шебері жергілікті 5 аспаздың біліктілігін арттырады. Кейін тәлім алушылар шетелдік маман алдында арнайы емтихан тапсырып, халықаралық дәрежедегі сертификатқа ие болады.

Эльмира Садвокасова