Білім

Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері Елбасы үндеуіне қатысты пікірлерін білдірді

Олар білім ошағының шәкірттеріне маңызды құжаттың әр бөлімін түсіндіріп, бағдарламаның қоғамға тигізер пайдасына тоқталды. Облыстық мәслихаттың депутаты Рашбиль Евдаев, бес басым бағыт – ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға тың серпін береді, – деп отыр.

Рашбиль Евдаев – облыстық мәслихат депутаты:


– Президенттің үндеуі – қазақстандықтардың өзекті деген мәселелерін шешеді деген ойдамын. Бағдарлама сәтті жүзеге асса, мыңдаған жанұя тұрғын-жаймен қамтылады. Сондай-ақ, ұлт көшбасшысы жастардың сапалы білім алуларына ұдайы көңіл бөліп келеді. Қосымша берілетін 20 мың гранттың арқасында жоғарғы оқу орындарының кафедралары ақпараттық технология, инженерия, нанотехнология саласының мамандарын даярлайтын болады.

Басқосуда Елбасының осы үшінші бастамасы – жастарды тегін біліммен қамту мәселесі кеңінен қозғалды. Жергілікті зияткерлік мектептің тәрбиеленушілерін техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттардың саны артатындығы қуантыпты. Айтуларынша, білім саласындағы игі жаңашылдық оқуға құштар мектеп бітіруші түлектерге зор қолдау болмақ.

Мижгона Нұралиева – Назарбаев зияткерлік мектебінің студенті:


– Жастарға арнап көп грант бөліп отыр. Олардың дені әр саланы қамтиды. Соның ішінде инженерия нанотехнология сонымен бірге түрлі ғылыми институттарды салуға тапсырды. Бұл әрбір қазақстандық үшін үлкен қолдау.

Мирас Әлімов – Назарбаев зияткерлік мектебінің студенті:


– Менің ойымша егер жағдай осы бағытта болса 10-15 жылдан кейін біздің техникалық мамандарымыз өте білімді болады. Мүкін АҚШ, Сингапур мамандарынан озып кететін шығар.

Кездесуде тұрғындарға шағын несие беруді кең жолға салу, еліміздің солтүстік аймақтарын көгілдір отынмен қамту қажеттілігі де талқыланды. Жоспар белгілі, мақсат айқын, енді тек ұлт көшбасшысы жүктеген тапсырманы баршамызға жұмыла атқару міндеті тұр. Жиын – түйіні осы.

 

Бахыт Садвокасов