Денсаулық сақтау

Медициналық ұйымдарды цифрландыру

Ольга Шерстюк -Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының СҚОФ директоры:

– Қант диабеті, созылмалы бауыр аурулары және өзге де дерттерге шалдыққан жандардың бүгіндері 130 мыңы электронды диспансерлік науқастарды тіркеу жүйесіне енгізілген. Бұдан бөлек дәрі-дәрмекпен қамту жүйесіне 75 мың солтүстікқазақстандық тіркелген. Стационарлық ем қабылдайтындардың 100 мыңы да базаға алынды.

Қазіргі таңда өңірдегі 29 денсаулық сақтау ұйымы ақпараттық жүйелерді кеңінен қолданып келеді. Ал 1-ші шілдеге дейін барлық емдеу мекемелерін 100 пайыз қамтып, заманауи технологиялармен жабдықтау көзделіп отыр. Қазіргі таңда аталмыш жүйелерді енгізумен облыста 4 компания айналысады. Дегенмен, бұл шаруаны жүзеге асыруда проблемалар жоқ емес.

Ольга Шерстюк -Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының СҚОФ директоры:

 

– Ауылдық жерлерде ақпараттық көрсеткіш төмен. Селолық амбулаториялардағы интернеттің жоқтығы өзекті, тағы ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік беру жағы ақсап тұр. Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханаларда компьютерлердің жетіспеушілігі байқалады.

Әрине компьютерсіз ақпараттық технологиялар жайлы айту орынсыз. Алайда, өңірдегі медициналық қызметкердің тек 80 пайызы ғана осы құралмен қамтыған екен. Бүгінде тағы 812 бірлік компьютер қажет. Мамандар алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі деп отыр. Сөйтіп жыл соңына дейін қажетті жабдықтар барлық емдеу мекемелеріне жеткізілмек.

Мағжан Ахмадина