Балалар

Теріскейлік өреңдер роботехника жарысында үздік атанды

Кейін кішкентай дарындар Мәскеуде ұйымдастырылған Еуропадағы ең ірі мерейтойлық Роботофест фестиваліне шақырту алды.

Аталған шарада Ресейдің түкпір-түкпірінен жиналған 8 мыңға жуық өнертапқыш озық дүниелерін көпшілік назарына ұсынды. Мұнда Амир мен Расул дүйім жұртты өздерінің “Ақылды саяжай” жобасымен таң қалдырған. Оны 8 робот-көмекшіні қолдана отырып жасапты. Солтүстікқазақстық кішкентай вундеркиндтер 36 құраманың арасынан қазылар алқасының ерекше бағасын алды.

Мадина Дарбаева – “Алтын бесік” балабақшасының меңгерушісі:

– Біздің балабақшада роботехникаға деген ыңтасы зор балғындар жетерлік. Солардың ішінде “Вундеркинд.кз” командасының жобасы өзгелерінен үздік, әрі қызықты болатын. Сол себепті біз талантты дарындарды аталған байқауға жібердік. Тәрбиеленушілеріміз сенімімізді ақтап, жүлделі орыннан көрінді.

Наурыз айының соңында болса, құлтемірді жетік меңгеркен қос жерлесіміз Қарағанды қаласында өтетін республикалық роботтар фестиваліне аттанбақ.

Тогжан Акмагамбетова