Спорт

Петропавлда есту қабілеті нашар жасөспірімдер арасында футзалдан ел чемпионаты өтуде

Станислав Фоленвейдер – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы:

– Балалар ойынға 2 ай бойы дайындалды. Біз оларға зор үміт артамыз. Бұл балалардың құлақ кемістігі болса да, дендері сау. Бірақ мұндай жеткіншектермен жұмыс жасау қиын. Себебі, әр баланың бабын табу қажет.

Ал екінші кезеңде алматылықтардың қарқыны күшейді. Десе де, жерлестеріміз оңайлықпен берілмеді. Теріскейлік құрама қарсылас қақпаға қайта-қайта шабуыл жасап, кезекті гол соқты.

Жалпы чемпионатқа еліміздің әр түпкірінен жиналған 80-ге жуық жеткіншек қатысуда. Барлығы – 8 құрама. Командалар 2 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтауда.

Вячеслав Латышев – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры:

– Есту қабілеті нашар жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан чемпионат елімізде осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. “Үміт” құрамасы осыған дейін Талдықорған және Орал құрамаларымен кездесіп, 6:0 және 6:1 есебімен жеңіске жетті. Өткен жылы Петропавлдық құраманың жолы болмай, 4-ші орынға тұрақтады. Енді биыл олар жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын.

Сонымен, ойын 6:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Жалпы 3 ойынның қорытындысы бойынша Петропавлдық құрама 18 гол соғыпты. Енді олар наурыздың 15-і өтетін ақтық кезеңде бағын сынайды.

Молдир Макишева