Қоғам

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы кейуаналарды көктем мерекесімен құттықтады

Денсаулығын сұраған едік, бас бармағын көкке көтеріп, жақсы деді. Шынымен де кенже қызының қолында отырған қарияның жүзінде қайғы, ал бойында бір де бір сырқаттың белгісі байқалмайды.

Қабида Әлжанова – тыл еңбеккері:

 


– Мен бақыттымын. Жатамын, тұрамын, ауырмаймын. Басқа еш нәрсенің керегі жоқ.

Қабида әжей өткен ғасырдың басында өңірімізге Башқұртстаннан жер аударылған екен. Ұлы Отан соғысы жылдары егістік басында тер төккен. Кейін зейнетке шыққанша сауыншы болып еңбек етіпті. Халықаралық әйелдер мерекесімен жүзден асқан қарияны бүгін Нұр Отан партиясының өкілдері құттықтай келді.

Ақ жаулық, гүл шоғы мен басқа да базарлықтарды партияның атынан облыстық филиал төрағасының орынбасары Артур Молдағұлов ұсынды. Жасын сыйлап, құттықтауға келген жандарға кейуана дән риза. “Менің жасымды сендерге берсін”,-деп алғыстан жауын жаудырды. Қазіргі таңда өңірімізде 6 бірдей жүз жасты еңсерген кейуана тұрады. Мереке қарсаңында олардың ешбірі партия назарынан тыс қалған жоқ. Жалпы бұл күні еліміздің басты саяси ұйымы құттықтаған жерлес нәзікжандылардың саны 80-нен асып жығылды.

Саят Ермек