Әдеп жөніндегі кеңесте лауазымын асыра пайдаланған Асқар Хамзиннің ісі тағы қаралды

Қоғам

14:34 7 Наурыз 2018

Ал, бүгінгі мәселе Төменгі Бұрлық ауылының бұрынғы мектеп директорына қатысты. Асқар Хамзин аталған лауазымға осымен екінші рет тағайындалыпты. 2007 жылы Аққайың ауданындағы білім ошағын басқарған ол жұмысынан жемқорлық әрекеті жасағаныы үшін қуылған. Кейін, директордың оқушыларды өз мақсатындағы шаруаға жұмсағаны анықталыпты. Ал, араға 7 жыл салып маманның аты барша Қазақстанға жайылды.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

–  Өзінің жұмыс кітапшасын жоғалтып алып, Шал ақын ауданының Афанасьев селолық округіне әкім болып тағайындалған. Бұл қызметтен де ол барлық елді дүрліктіріп шығып қалды. Асқар Хамзин өзіне отын дайындау үшін кызметкерлерін орманға жіберіпті. Нәтижесінде, бір маманды аралар шағып, көз жұмған. Бұл оқиғадан қалайша хабарыңыз жоқ?

Жұмыс кітапшасын жоғалтып алдым деген сылтау тағы іске асты. Өткен жылы Асқар Хамзин Төменгі Бұрлық мектебіне осылайша оп-оңай жұмысқа кірген. Бұған қарамастан, азамат мансабы бойынша тез өсті. Қыркүйекте қатардағы мұғалім болып қабылданған ол екі ай өте салысымен білім ошағының директоры атанған.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Еңбек кітапшасын неге ешкім сұраған жоқ? Зейнетке шығуға шамалы ғана уақыты қалған адамның тиісті құжаттары қайда деген ой сонда ешкімге келмегені ме? Ол – бір емес, бірнеше рет қылмыс жасаған адам. Оның кесірінен, тіпті, адам қаза тапты. Ал, сіздер жеке ісін қарамай, заң бұзушыға білім ұясын тапсырып қойдыңыздар?

Бүгінде Асқар Хамзин өз жұмысынан қуылған. Ал, оны бұл қызметке лайықты деп тапқан аудандық білім бөлімінің басшысы Сайрамбек Жакупов болса, іс басталған уақытта-ақ еңбек демалысына тайып тұрыпты.

Әли Ғаббасов – Айыртау ауданының әкімі аппаратының жетекшісі:


–  Аудандық білім бөлімінің басшысын еңбек демалысына жіберу туралы құжатқа қол қойғанда, оның ісі қаралып жатқанын білген жоқпын. Сіздерден тексеріс жайлы хабар кеш келді.

Бұл- Айыртау ауданы мамандарының жұмысқа салғырт қарайтындығына тағы бір дәлел. Осындай ескерту заңмен жіті таныспаған аудан әкімі аппаратының жетекшісіне жасалды. Ал, еңбек демалысына шыға қалған білім бөлімінің басшысы Сайрамбек Жакупов болса, әлі заң алдында жауап береді. Қазір оған қатысты әкімшілік іс қозғалуда.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Бәйтерек ауылының тұрғыны соңғы қоңырау салтанатын үйінде ұйымдастырған
Облыс орталығындағы ескі зираттар қоқыстан тазартылып жатыр
Жыл басынан өлкеге 156 отбасы қоныс аударған
Петропавлда тегін автотұрақтар салына бастады
ҰОС-ның ардагері 100 жасқа толды
Петропавл әуежайының жұмысы қайта жанданды
“Жасыл ел” жасағы кезекті маусымын бастады
Үлгілі отбасы
Карантин кезінде көрсетілген қаржылай көмек көлемі
Бүгін – қасиетті Қадір түні
Тұрғындарға биыл “Еңбек” бағдарламасы бойынша 520 млн теңге берілген
ХҚКО-да қызметтердің 660-қа жуығы онлайн режимде көрсетіледі