Қоғам

“Қоғамдық бақылау картасы” жобасының тиімділігі

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


– Whatsapp бойынша және әлеуметтік желілерде шағымдарды жіберуге болады. Оларды біз қарастырып, өкілетті органдарға немесе құқық қорғаушыларға жібереміз.

Жоба қолданысқа енді, бүгінгі міндет – халықты құлақтандыру. Отырысқа онлайн режимінде қосылған аудан атқамінерлеріне бұл үрдістен шет қалмау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жиында қалтаға салып жүруге болатын кітапшаға сыйдырылған шағын форматтағы әдеп кодексі де ұсынылды.

Дулат Тайшабай – СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

 


– Бұл кітапша мемлекеттік қызметшілер үшін ыңғайлы әрі қарапайым нұсқаулық ретінде жасалған және оларға кез келген жағдайда заң бойынша бекітілген нормаларды, өзін-өзі ұстау тәртібін, жауапкершілік түрлерін оқып-білуге мүмкіндік береді.

“Покет бук” деп аталатын бұл кітапшаны смартфонға да жүктеп алуға болады.
Республика бойынша енгізілген мұндай бастамалардың берері мол дейді жиналғандар. Мәселен, бүгінде Қазақстан бармақ басты көз қыстылыққа бейімді мемлекеттердің рейтингінде 122-орынға тұрақтапты. Қатардағы халық тарапынан жүргізілетін бақылаудың көмегімен келер жылы жемқорлықтың деңгейі төмен 100 елдің қатарынан көріну жоспарланып отыр.

Саят Ермек