Спорт

Теріскейлік жарымжан атлеттер құрамасы республикалық сында 2 орынға тұрақтады

Жеңіл атлет Владимир Беккер сондай жерлесіміздің бірі. Ол дүбірлі додада ұзындыққа секіруден сынға түсіп, 5,37 метрлік қашықтықты оңай бағындырды.

Владимир Беккер – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының жеңіл атлеті:

– Жарысқа тыңғылықты дайындықпен бардым. Өз қорқынышымды жеңіп, ел рекордын жаңарттым. Бұл көрсеткішім спорттық мансабымдағы әзірге ең жоғарғы нәтиже.

Спорттық бәсекеде өзінің шеберлігін көрсеткен 28 жасар Артем Хлыстун болса, жеңіл атлетикамен 5 жылдай айналысып келеді. Спортшы ұзындыққа секіру және 800, 1500 және 3500 метрлік жарыс жолын жүгіріп өтуде жүлделі 1-ші орындардан көрінді.

Артем Хлыстун – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының жеңіл атлеті:


– Бәсекелестік өте жоғары болды. Оған қарамастан, біз өз дәрежемізде жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Өз басым үлкен әсермен оралдым.

Ақпанның 25-і мен 28-і аралығында жеңіл атлетикадан есту қабілетінен айырылған жандар арасындағы республикалық чемпионатта барлығы еліміздің түкпір-түкпірінен 80 жеңіл атлет сайысқа түскен. 10 құраманың арасында теріскейлік спортшылар жалпыкомандалық есепте 2-ші тұғырдан көрініпті.

Рустам Шокеев – мүмкіндігі шектулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының жаттықтырушысы:

– Осы жылы біздің құрама жарыста 5 алтын, 4 қола мен 1 күміс жүлдені қанжығаларына басып, өзге командаларға лайықты бәсекелестік көрсетті. Атап кетер болсақ, ұзындыққа секіру, жүгіру, ядро лақтыру мен эстафетадан жоғары нәтижелерге қол жеткіздік.

Өңір атлеттері бұл жетістіктерімен шектеліп қалмақ емес. Қазір топ жарған спортшылар тамыз айында ұйымдастырылатын кезекті республикалық чемпионатқа дайындықты бастап кеткен.

Саят Ермек