Қоғам

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов нәзік жандыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Жарқын, тамаша мейрамдарыңыз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық саулық тілейміз. Армандарыңыз орындалып, қуанышты күдеріңіз көп болсын. Сіздердің өмірлік даналықтарыңызбен бұдан да үлкен биікьтерге жетеміз деп ойлаймын.

Кейін шаһар басшысы нәзік жандыларды марапаттап, әрбіріне сыйлықтарын табыстады. Қошеметке бөленгендердің қатарында 9 баланың анасы Айман Сағандықова да бар. 7 қыз бен 2 ұлды тәрбиелеген ақ жаулықты ана бүгінде 23 немере сүйіп отыр.

Айман Сағандықова – Батыр ана, “Алтын алқа” иесі:

– Өзім Ресейде туғанмын. Сонда оқу оқып, қызмет істедім. Қазақстанға 1994 жылы көшіп келдік. Аққайың ауданында тұрдық. Петропвлға 3 жыл бұрын көшіп келдік. Қазір жолдасым екуіміз немерелерімізді бағып отырмыз.

Ал Қадиша Ыбраева 42 жыл өмірін медицина саласына арнаған. Ол Тимирязев ауданы Жарқын ауылында медбике болып жұмыс істеген екен. Қызмет барысында бірталай қиыншылықтардың болғанын жасырмайды. Себебі, бұл – қиын, әрі жауапты мамандықтардың бірі дейді зейнеткер. Петропавл қаласына көшіп келген Қадиша Ыбыраева жұбайымен бірге бейнетінің зейнетін көруде.

Қадиша Ыбыраева – еңбек сіңірген зейнеткер:

– Біз істегенде 1969-70 жылдары қиын уақыт болды. Көлігіміз бен телефон жоқ болатын. Біраз қиыншылықтар болған. Бірақ бәріне шыдап, істеп шықтық. Нұр Отан ұжымы мен қала әкіміне алғысымды айтамын.

Қазіргі таңда қаламызда 10 соғыс ардагері, 216 тыл еңбеккері және 589 “Алтын алқа” мен “Күміс алқа” иесі тұрып жатыр.

Молдир Макишева