Спорт

Петропавлда денсаулық күніне орай шаңғы тебуден марафон өтті

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:


– СҚО басқа өңірлерге қарағанда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны көбірек. 30 пайыздан астам. Бұл дегеніміз – Елбасының жолдауында берген тапсырмасын терікейліктер өте жақсы орындап жатыр.

72 жастағы Қайырлы Едресов егде жасына қарамастан, жастармен қатарласа шаңғы теуіп, салауатты өмір салтын насихаттауда.”Тәні саудың-жаны сау” деген нақыл сөзді берік ұстанатын қария жерлестерімізге мүмкіндігінше спортпен шұғылданып отыруға кеңес береді.

Қайырлы Едресов – Облыстық маслихаттың қоғамдық кеңесінің төрағасы, СҚО құрметті азаматы:

– Кішкентай кезімізден сенбі-жексенбі күндері Есіл ауданындағы Орталық ауылынан Явленкаға дейін шаңғымен баратынбыз. Осы күнге дейін уақыт болған кезде шаңғы тебуге тырысамын. Жұмасына екі рет ардагерлермен волейбол ойнаймыз.

Осылайша, денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шаңғы сайысына 600-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Араларынан озып шыққандарына естелік сыйлықтар тарту етілді.

Тогжан Акмагамбетова