МТРА жаңалықтары

Өңірде медиация саласы дамуда

Осындай тәжірбиені мемлекетімізде де одан әрі дамыту міндеті тұр. Қазір бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр. Бүгіндері Қазақстанда 700-ден астам медиатор бар екен. Олар өткен жылы 29 мың істі сотқа жеткізбей аяқтаған. Ал теріскейдегі көрсеткіштер қандай?

Сәкен Тілегенов – СҚО сотының судьясы:


–  Өңір медиаторлары өткен жылы 507 істі сотқа жеткізбей шешті. Ал ҚР Әкімшілік кодекстің 543 бабында қарастырылған бітімгершілік жолмен былтыр 2436 іс аяқталды. Екі жақтың келісімге келуінің бірқатар артықшылықтары бар. Ол ең алдымен арызданушыларға мемлекеттік баж салығының қайтарылуы. Сөйтіп, 2017 жылы сотқа арыз берушілерге 73 млн теңге берілді.

Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу үшін облыстық сот пен медиацияны дамыту орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Гүлбақша Мұсабаева – ҚХА жанындағы СҚО медиация кабинетінің меңгерушісі:

 

– Сол құжат арқылы бірқатар іс шаралар жоспарланған. Осы соттың ішінде медиация кабинеті жұмыс істеуіне көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Мен өзім Ассамблея жанынан құрылған медиация кабинетінде 3 жылға жуық істеп келе жатырмын. Оның мақсаты – медиаторларды біріктіру. Және бір өзекті мәселе-жастар, кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыс жасап жатыр. Оны да медиатордың қарауына мүмкіндік бар. Соны жұрт есту керек.

Осы ретте айта кетейік, өңірде бүгіндері 300 медиация кабинеті жұмыс жасайды. Олардың 30-дан астамы заң білімі бар кәсіби медиаторлар.

Магжан Ахмадина