Ауыл шаруашылығы

Облыс орталығында теріскейлік аграрийлердің жиыны өтті

Айдархан Есеркенов – «Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС директоры:

– «Агрожоспар» бағдарламасы агрономдардың жұмысын тездетеді. Мәселен, бұрындары егістіктің құрылымын есептеп, жоспар жасау үшін 2 ай жұмсасақ, қазір оған бар-жоғы бір-екі апта уақыт кетеді. Тағы бұл жоба әрбір алқапқа қажетті гербицидтер мен басқа да қосылғыштарды есептеуге мүмкіндік беруде. Осылайша, маусымның соңында бізде тұқым мен тыңайтқыштар артылып қалмайды. Одан бөлек, біздің кәсіпорын аймағы бейнебақылаумен жабдықталған.

Сандық технологияларды ауыл шаруашылығына енгізу – елбасы Н.Назарбаевтың жолдауында көрсетілген басты бағыттардың бірі. Осыған орай, елімізде дәлме-дәл егіншілік технологиясы қолға алынуда. Бұл жүйе әрбір гектардан барынша мол өнім алуға мүмкіндік бермек.

Фараби Ермеков – С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті геоақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі:

– Цифрлық технологияларды жүйелі түрде үшке бөлеміз. Біріншісі-жергілікті жердегі топырақтың жай-күйін сипаттайтын деректерді жинақтау. Екіншісі – ақпаратты талдау және шешім қабылдау. Үшіншісі – қабылданған шешімді іске асыру.

Бүгінгі таңда дәлме-дәл егіншілік технологиясын жүзеге асыруға қажетті кез-келген цирфлық ақпаратты веб порталдардан да алуға болады. Онда алқаптардың аумағы, құнарлығы, электрондық агроном журналы сынды маңызды деректер сақталады. Кейін gps-датчик, аэрофотосурет көмегімен егістіктің жағдайын бақылап, орташа өнімділік көрсеткішін болжау мүмкіндігі қарастырылған. Тіпті, белгілі бір аймаққа тыңайтқыштардың қандай мөлшерін сіңіру қажеттігі де көрсетіледі.

Фараби Ермеков – С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті геоақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі:

– Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы министрлігі «minagro.kz» сайтын ұсынуда. Портал агроқұрылымдар үшін тегін. Ол порталдың негізгі мақсаты – шаруашылықтың белгілі бір агротехнологияларды енгізген жағдайда, оның экономикалық көрсеткішке беретін әсерін анықтау.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тамыздың 1-іне дейін барша қазақстандық шаруаларды осы веб порталға тіркемек ниетте.

 

Эльмира Садвокасова