Әр түрлі

Көктемнің алғашқы айы жерлестерімізді жылы күндермен қуанта қоймайды

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы метеоболжау бөлімінің басшысы:

– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5-10, кей жерлерде 15 аязға, күндіз 2 аяз…3 жылы, кей жерлерде 7 аязға дейін жоғарылайды.

Ауа райын болжаушы мамандар айдың үшінші онкүндігінің басында ауа температурасы күндіз 5-10 градусқа, тіпті кей жерлерде 0-ге дейін көтерілетіндігін айтады. Ал түнгі уақытта өңір аумағында 10-мен 20 градус аралығындағы ызғар сақталмақ. Шуақты мерекелерге толы бұл айда жауын-шашынның айлық мөлшері шамадан тыс болады деп күтілуде.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалы метеоболжау бөлімінің басшысы:

– Бірінші онкүндікте кей жерлерде қар, бұрқасын, бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндікте және үшінші онкүндіктің соңында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болады. Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында, жиі екінші онкүндікте және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында кей жерлерде тұман болуы ықтимал. Бірінші онкүндікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстікқазақстандықтар да наурыз айында қыс қаһарына мініп, әлі де болса боранды күндердің сақталатындығын болжап отыр.

Тарих беттеріне көз жүгіртсек наурыз айында, облыс аумағында ең аязды күн 1971 жылы орын алған. Онда сынап бағанасы -39 градусқа дейін төмендеген. Ал наурыздық ең жылы плюс 18 градустық температура 2008-ші жылы тіркелді.

 

Бахыт Садвакасов