Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД Алғыс айту күнін атап өтті

Анатолий Рафальский, «Тайынша Астық» ЖШС жетекшісі:

– Бұл тарихтан сыр шертетін мейрам. Сұм оқиғалардың орын алғанына аса көп уақыт өткен жоқ. Алайда, жастардың барлығы бірдей оны біле бермейді. Менің ата-анам кішкентайымнан жергілікті тұрғындардың мейірімділігін құлағыма құйып өсірді. Қуанышымызға орай, жанұямыз Қазақ жеріне қудаланды. Басқа елге қоныс аударылса, тірі қалуымыз екі талай болар еді.

Сталиндік террордың құрбандары ең сорақы жаза – Отанынан айырылып қана қоймай, қудалауды да көп көрді. Қоныс аударушылардың арасында «халық жауы», «тыңшы» деген жаламен репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілгендер де бар. Бүгінде ақталған азаматтардың істері облыстық ішкі істер департаментінде сақтаулы. “Вайнах” шешен-ингуш қауымдастығының төрағасы да мұнда әдейі келіпті. Мұрағатта ол өз ұлтына қатысты 55 істі кезіктірген. Саип Байдуев енді қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарын іздестірмек ниетте.

Саип Байдуев – «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының төрағасы:

– Шешен, ингуш халықтарының депортациясы 1944 жылдың 23 ақпанында өтті. Ауыл тұрғындары 20 минут ішінде өз заттарын жинап, мал тиейтін вагондарға отыруға мәжбүр болған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бастапқы екі жылда Қазақстан мен Қырғызстанға қоныс аударғандардың 150 мыңы қаза тапқан. Жергілікті халықтың көмегі болмаса, түгел ұлтымыздың жойылып кетуі мүмкін еді. Соғыс кезінің болғанына қарамастан, қазақтар біздің ата-бабаларымызға қамқор әрі демеу болды.

1956 жылы депортацияға ұшырыған халықтар ақталып, елдеріне оралу мүмкіндігіне ие болды. Біреулері тарихи Отандарына қайтса, бірқатары Қазақстанды туған жеріндей көріп, тамырларын осы жерде жайды.

 

Эльмира Садвокасова