ТЖ

Петропавлдағы “Кристалл” ойын-сауық кешені отқа оранды

Асет Ысмағұлов – СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары:

– Жедел түрде Петропавл гарнизонының күш құралдары осы жерге жіберілді. Жоғарыда өрт сөндіру қызметкерлері бар. Өйткені төбесі жабылған, қазір соның темірін құтқарушылар алып жатыр. Сол 150 шаршы метрді локализацияладық.

Жалынның не себептен орын алғандығы әлі белгісіз. Құтқарушы мамандар алдағы уақытта істің анық-қанығын білетін болады. Айту керек, кешен әкімшілігі апатты жағдайда абдырап қалмай, құтқарушылар келгенше барлық қызметкерлерін сыртқа дер кезінде шығарып үлгеріпті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Наталья Матвеева – “Кристалл” ойын-сауық кешенінің қызметшісі:

– Жұмыс орнымда отырғанымда кенет бір дауысты естідім. Кейін бізге жылдам ғимараттан шығу керектігін айтты. Өз басым шошынып қалдым.

Жалпы жыл басынан Петропавл қаласында 38 өрт оқиғасы тіркеліп, 7 жерлесіміз қызыл жалынның кесірінен өмірімен ерте қош айтысқан. Жалыннан келген шығын көлемі – 9 миллион теңгені құрайды.

 

Бахыт Садвакасов