Қоғам

Петропавлдағы тұрғын үйлердің біріне қозғалмалы пандус орнатылды

Шамиль Резванов – жеке кәсіпкер, Петропавл қаласы:

– Осындай жағдайға душар болған кезден бастап далаға мүлдем шығудан қалдым. Ауруханаға баратын кезде ғана далаға шығамын. Онда да мені әлеуметтік такси қызметкерлері көтеріп, бірінші қабатқа түсіретін. Оларға да мені далаға көтеріп шығару оңайға соқпайды.

Шамиль Резвановтың осы жағдайынан облыстық кәсіпкерлер палатасы хабардар. Аталмыш мекеме мүмкіндігі шектеулі жанның тілегін жерге тастамай, жарым жанның өтінішін кәсіпкерлерге жеткізген. Көмек қолын ең бірінші болып “Лира” және “Арт Строй” серіктестіктері созды. Аталмыш компаниялардың басшылары Шамиль Резванов тұратын үйдің ішіне қозғалмалы пандус орнатып берді.

Ильгам Валишин – “Арт Строй” ЖШС директоры:

– Мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге әрқашан дайынмын. Бүл пандус біздің кәсіпорында жасалды. Оны дайындау үшін арнайы жеңіл матариалдарды таңдап, ыңғайлы етуге тырыстық. Бағасы да қымбатқа түскен жоқ.

Айта кетсек, бүгіндері қаламыздағы тұрғын үйлердің бірінде ғана қозғалмалы пандус орнатылған. Сондай-ақ, облыс орталығындағы 253 әлеуметтік маңызы бар ғимаратттың тек 190-ы мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуы үшін ыңғайлы етіп жасалған.

Тогжан Акмагамбетова