Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында шаңғыдан жарыс өтті

2 шақырымдық қашықтықты бірінші болып еңсерген спортшы жеңімпаз атанбақ. Әзірге, 60-қа жуық ұлдың арасынан 18-ші нөмірдегі Николай Чижма озып келеді. 16 жастағы шаңғышы ешкімге дес берер емес. Сонымен, біршама уақыттан соң Николай Чижма жарыс мәресіне бірінші жетті.

Николай Чижма – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1-курс студенті:

– Негізі мен биатлон спортымен айналысамын. Күніне 2-3 сағаттай шаңғы теуіп жаттығамын. Сондықтан жеңіске жету маған қиын болған жоқ.

Тағы мұнда қыз балалар да 1 шақырымды жүріп өтіп, өзара мықтыны анықтады. Жалпы аталған дүбірлі додаға 100-ден астам петропавлдық жасөспірім қатысты.

Роксана Орынбасарова – СҚО жастар ресурстық орталығы бөлімінің жетекшісі:

– Салауатты өмір салтын насихаттау үшін осындай бұқаралық шараларды ай сайын өткізіп тұрамыз. Өткен жолы спорт сарайында коньки тебуден жарыс ұымдастырсақ, бұл жолы жерлестеріміз шаңғыға тұрды.

Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген барлық ұл-қыздарға кубок, медаль және грамоталар табысталды.

 

Тогжан Акмагамбетова