Қоғам

Петропавлда ресейлік омарташылардың жәрмеңкесі өтіп жатыр

Анастасия Екимова – сатушы-кеңесші:

– Аталған балдың нәрлі құрамы антисептикалық әсерге ие. Әсіресе, асқазан ауруларын емдеп, оның алдын-алуда таптырмас қасиеті бар. Өнімді тыныс алу жолдары мен бронхитті емдеуде пайдалануға болады.

Башқұртстандық табиғи өнімдердің өзгелері де түрлі дерттерден сауықтыра алады. Десе де, сан-алуан балдың қасиетін жетік меңгерген мамандар, тұрғындарға кез-келген өнімді шамадан артық тұтынбауға кеңес беріп отыр.

Анастасия Екимова – сатушы-кеңесші:

– Адам күнделікті балды 100 граммнан, яғни 2 шәй қасықтан артық тұтынбаған жөн. Одан артық қолданса, ағзаға пайдасы болмайды. Табиғи өнімді мүмкіндігінше таңертең жеген дұрыс. Осы ретте айтарым, балаларға 1 жастан бастап “Белая акация”, “Донник” және “Аналық сүт” бал өнімдерін беруге болады. Нәрлі тағам нәрестенің жасына сай толыққанды өсіп-жетілуіне септеседі.

Көрші елдің дәмді тағамдары солтүстікқазақстандық тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Дәмі тіл үйірер ресейлік өнімдердің арасында тұрғындар әсіресе аюлар сүйсіне жейтін “Дикий мед” балын лезде талап алуда. Сонымен бірге, жәрмеңкеде жерлестеріміз көпшілікке танымал “Азов” халвасының 7 түрінен өздері қалағанын таңдай алады. Тәтті-дәмділерден сатып аламын деушілер Қаттай Кеншінбаев көшесі 22 үй мекен-жайында орналасқан Жастар сарайында ұйымдастырылатын омарташылар жәрмеңкесіне келе алады.

 

Бахыт Садвакасов