Қоғам

Бүгінде өзге ұлт өкілдері қазақ халқымен бірге біте қайнасып отыр

Нелли Савенкова – Петропав қаласының тұрғыны:

– Шілде айында осы өңірге Украинаның Житомир облысынан 120 адамды қоныстандырды. Сол қиын-қыстау заманда ата-әжелерімді қазақ жұрты бірден қабылдаған, ас-ауқатымен де бөліскен. Сонымен қатар, саманнан үй салуға да көмектесті, – деп әкем есіне алатын. Сол кездері әкем – 8-де, ал анамның жасы небәрі 4-те болған.

Нелли Савенкованың әкесі Ясная Поляна ауылында ұста болып жұмыс істейді. Жақсы жұмыс атқарғаны үшін 1949 жылы тіпті “Еңбек үздігі” медаліне ие болады. Ал 1953 жылы ол отау құрып, қыздары Нелли Савенкова дүниеге келеді.

Нелли Савенкова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– Ауылда бәріміз тату-тәтті өмір сүретінбіз. Түрлі ұлт өкілдері – қазақ, неміс, поляк, чечен, украин, ингуштар тұрған. Соған қарамастан, бір-бірімізді жақсы түсінетінбіз. Ұлт пен ұлыстарға бөлінбейтінбіз. Керісінше, әрқашан қолдау көрсетіп, қолымыздан келгенше бір-бірімзге көмектесетінбіз.

Нелли Савенкова Мамлют ауданындағы Владимировка орта мектебінде 11 жыл тәрбие жөніндегі меңгеруші және 6 жыл сол білім ошағында директор болып жұмыс істеген. Қазір оның жасы 64-те. Нәзік жандының ата-әжесін ерекше мейіріммен қарсы алған қазақ жұртына алғысы шексіз. Сондықтан, өз өмірін де осы жерде өткізгеніне еш өкінбейді.

Молдир Макишева