Білім

Қызылжар ауданында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды

Жарасбай Сүлейменов – “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетінің бас редакторы:

– Мағжан Жұмабаев қазақ халқының ақыны ғана емес, ол барша түркі әлемінің жарық жұлдызы. Таяуда болған конференцияда Мағжан шығармашылығы жайында көптеген ойлар айтылып, талқыға түсті. Бауырларымыз ақынның туындыларын өз тілдеріне аударып, кітап етіп шығарыпты.

Шараға келгендер заманының ұлағатты ұстазы атанған жерлес публицистің ізін жалғайтын жас толқыннның барына да көз жеткізді. Жанпулат Шериматов тәжірибелік конференцияға “Мағжан Жұмабаев – ұлт ақыны” тақырыбындағы баяндамасын әзірлепті. 5 жасынан жерлес ақынның шығармашылығынан сусындап өскен 7 сынып оқушысы, бүгінде өзі өлең шығарып жүр.

Жанпулат Шериматов – Бәйтерек орта мектебінің оқушысы:

– “Тәрбие басы – тіл” дегендей, ол өзінің тілін ғана құрметтеп қана қоймай, салт-дәстүрді де ерекше құрметтейтін адам. Мен 5 жасымнан бастап сайыстарға қатыстым, атап өтсем республикалық жарыстарда топ жардым.

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған іс-шаралар ғылыми-практикалық конференциялармен ғана шектеліп қалмайды, – дейді жерлестеріміз. Бұл шарада қатарластарынан ерекшеленген мектеп оқушылары дәл осындай облыстық жарыста Қызылжар ауданының намысын қорғамақ.

 

Бахыт Садвакасов