Мәдениет

Қалалық шығармалар сайысы қорытындыланды

Альбина Тұрғынбекова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы:

– Шырайлы аты елімнің-қасиетінде жерімнің” атты шығарманың тақырыбы мені бірден қызықтырды. Жалпы бала кезімде бұл ауылға жиі баратынмын. Сондықтан осы елді-мекеннің тарихын тереңірек білгім келді. 

Евгений Соловьев болса, құрылысы 1891 жылы басталған Петропавл қаласының темір жол вокзалына зерттеу жүргізіпті. Ата-анасы да, достары да аталмыш орында жұмыс істегендіктен, осы тақырыпты таңдаған. 9-шы сынып оқушысы бұндай сайыстарда бірнеше рет бағын сынаған. Осы жолғы жұмысы тиісінше жоғары бағаланып, жеткіншек 1-ші орынға ие болды.

Евгений Соловьев – №42 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы:

– Бұл тақырыпқа зерттеу жүргізуді достарым мен ата-анам кеңес берді. Бірінші орынға қол жеткізу үшін, барымды салдым. Еңбегім зая кетпеді деп ойлаймын.

Ал Евгенийдің сыныптасы Галина Лемешева қазақ тілінде өткен шығармалар сайысында бағын сынап көрді. Басында зерттеу жұмысын орысша жазып, кейін мұғалімінің көмегімен оны қазақ тіліне аударған екен.

Галина Лемешева – №42 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы:

– Мен өз шығармамда Петропавл қаласына зерттеу жұмысын жүргіздім. Барлық мағлұматтарды жинап болған соң, шығарманы 2 жұма ішінде жазып шықтым. Мен үшін бұл қиынға соқты. Себебі, достарым да, ата-анам да қазақша сөйлемейді. Дегенмен, 3-ші орынға ие болдым.

Жалпы дәстүрге айналған шығармалар сайысы ақпанның 2-сі мен 9-ы аралығында өткізілді. Оған 8-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларының 13 жұмысы ұсынылыпты. Оның 6-уы орыс тілінде болса, қалғаны – қазақ тілінде. Ойы ұшқыр жеңімпаздар марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Петропавл қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тарапынан “Шырайлы аты елімнің- қасиетінде жерімнің” атты шығармалар сайысын ұйымдастырды.

Марапаттау рәсімінен кейін, балалар Абылай хан Резиденциясын аралап, еліміздің шежіресімен және тарихи жәдігерлермен танысты.

 

Молдир Макишева