Мәдениет

Өңірдегі мәдениет үйлерінің мамандары өзара бақ сынасты

Таңат Бейсенбаев – Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы:

– Бұрындары әрбір аудан өз намысын қорғайтын. Қазір болса, үш-үштен біріктірдік. Бұл мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымшылдығын арттыруға бағытталған.

Бірінші кезең – таныстыру. Алайда, өнер адамдары бұл тапсырманы дәстүрлі түрде емес, шығармашылық көзқарас танытып орындауда. Бірі мамандықтарының қыр-сырын қойылым арқылы көрсетсе, келесілері жұмыстарының қызығы мен шыжығын көрерменге әнмен жеткізуде.

Жұлдызды сәт! Келесі тапсырма – дүйім жұрттың жүрегіне жол табатын тың жобаны таныстыру. Бұл турға «ДК» командасы мықтап дайындалған екен. Құрама Петропавл және Қызылжар аудандық мәдениет үйінің мамандарынан жасақталған. Топ басшысы Дамир Есболовтың сөзінше, дайындыққа олар бар-жоғы бір апта уақыттарын жұмсаған.

Дамир Есболов – Қызылжар аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі:

– Біз ресейлік “Один в один” жобасын ұсынбақпыз. Сахнаға Ресейге және Қазақстанға танымал жұлдыздар шығады. Өз басым Григорий Лепсті сомдапақпын. Қызық болады деген ойдамын.

Байқау жүлдегерлері – аудандық мәдениет үйілерінің қызметкерлері диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал бас жүлде – сахна төріне София Ротару, Григорий Лепс пен Төреғали Төреәліні шығарған “ДК” құрамасына бұйырды.

 

Эльмира Садвокасова