Қоғам

Алғыс айту күніне дайындық

Наиль Салимов – СҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Сондықтан да бұл датаның ел тарихында пайда болуы бекер емес. Ол басы Қазақстанда тоғысқан көптеген ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін күн. Бұл елімізді мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір-біріне деген алғысын жеткізетін мерекесі. Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміз ұлтаралық келісім, татулық, бірлікті ту етіп келеді. Сол себепті келешек ұрпағымыз ата-бабаларының тарихын біліп, танып өсуі тиіс. Елбасы үш жыл бұрын осы Ассамблеяның құрылған күні – наурыздың 1-ші жұлдызын алғыс айту күні деп жариялады. Сондықтан, бұл мейрам біздер үшін ерекше маңызға ие.

Брифингте сөз алған Жангелді Тәжин де өз естеліктерімен бөлісіп, туып өскен Жамбыл ауданындағы Баян ауылына депортация жылдары қоныс аударғандар жайлы әңгімеледі.

Жангелді Тәжин – “Халықаралық “Қазақ тілі” ҚБ СҚОФ төрағасы:

– Біздің ауылдың да тарихында осындай болоды. Мен емес оны менің ата-анам көрді. Бізге 5 неміс отбасы қоныс аударыпты. Солардың ұрпақтарымен өмір сүрдік. Бірге қазақ мектебіне бардық .Біреуі тіпті қазақ мектебінің директоры болды. Солардың ата-аналарының құлағына құйғаны осы қазақ халқына деген алғысы.

Өйткені, өзге елдерге қоныс аударған неміс отбасылары сол жақтарда сіңісе алмай, көз жұмған көрінеді. Сондықтан олар нақ осы қазақ жеріне келгендеріне риза болды деп еске алады Жангелді Тәжин. Сондықтан да алғыс айту күнінің орны ерекше. Бұл мерекеде өңірімізде түрлі шаралар өтеді деп жоспарланып қойған. Солардың бірі – осымен үшінші жыл қатырына өткізілетін этностар форумы.

 

Магжан Ахмадина