Без категории

1-ші наурыз алғыс айту күні

Валентина Корнева – “Коперник” Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Атам Вацлав Марчевский мен әжем Климентина Марчевскаяны осы өңірге 3 маусым күні бірінші эшалонмен келген болатын. Олар Вишневка деген ауылға қоныстаныпты. Сондағысы жер аударылуына атамның ұжымдық шаруашылыққа кіруден бас тартуы себепші болған. Әжем қайтыс болған соң, бір жылдан кейін атам қайта үйленіпті. Ал 1942 жылы оны Төменгі Тагилға еңбек әскеріне алып кеткен екен.

Валентинаның анасы болса, 16 жасында Вишневка ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан жерге мал бағуға жіберіледі. Алайда Мария Марчевская сол жерден бар киімі мен құжаттарын тастап, Көкшетау облысындағы шағын ауруханаға қашып келеді. Үстіндегі жыртық киімі мен құжатының жоқтығына қарамастан, жергілікті дәрігер Алексей Измайлов өз басын қатерге тігіп, 20 жасар қызды санитар ретінде жұмысқа қабылдайды. Бір айдан соң аурухана ұжымы анама жаңа құжаттың берілуі туралы өтінішке қол қойған,-дейді Валентина Корнева.

Валентина Корнева – “Коперник” Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Осылайша 1957 жылдың 16 қаңтарында оған жаңа құжаттар берілді. Содан бастап ол сол күнді туған күні ретінде атап өте бастады. Анамды жылы қабылдап, қол ұшын берген қазақ халқының осы жақсылығын ол өмірінің соңына дейін айтып жүретін. Мен де қазақ елінің қонақжайлығы мен мейірбандылықтарына ризашылығымды білдіремін.

Қазақтың жерінен құт-береке тапқан жер аударылғандардың ұрпағы бүгінде бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Валентина Корнева тіпті Қазақстандағы туған халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеп, кітап шығарған. Сонымен қатар, нәзік жанды қоғамдық өмірге де белсенді ат салысады.

 

Молдир Макишева