Без категории

Өзге ұлт өкілдері Қазақ халқына алғыстарын білдіруде

Людмила Бейлова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– Әжемнің айтуынша, Қазақстанға келер жолда 9 баланың 2-уі қайтыс болған екен. Жолда бар нәрселерін бір түйір нанға айырбастапты. Солтүстік өңірге келген уақытта, ата-әжемді Новоалександровка ауылына қоныстандырды.

М.Жұмабаев ауданындағы Новоалександровка ауылының тұрғындары қиқыр саясатқа қарамастан, Ассельборндарды үлкен қонақжайлылықпен қарсы алыпты. Людмила Бейлованың атасы кәсібін жалғастырып, етікші болып жұмыс істейді. Оның қызметіне жүгінген ауыл тұрғындары ақы ретінде бауырсақ, құрт, сүт ұсыныпты дейді немересі.

Людмила Бейлова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– Бірінші күннен бастап, ауыл тұрғындары бізді жақсы қабылдаған екен. Бір-бірімізге қонаққа барып отырытынбыз, қолда барымызбен бөлісетінбіз деп әжем үнемі есіне алатын.

Ал Людмила Бейлованың әкесі Александр Ассельборн 1942 жылы жазықсыз кінәланып, Свердлов өңіріне еңбек әскеріне жіберілді. Сонда жүріп Людмиланың анасы Анастасиямен танысқан екен. Ал Людмила Бейлова 1947 жылы дүниеге келіп, 3 жылдан соң Ассельборндар екінші отанына қайта оралған.

Людмила Бейлова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– 1950 жылдың мамыр айында отбасымызбен Қазақстанға қайттық. Бізге Тельман ауылынан үй берілді. Себебі, әкем ұстаздық жолға түсті. Еңбек әскеріне аттанар алдында, ол Петропавл педагогикалық колледжінде оқып жүрген еді. Кейін оқуын Ақмола педагогикалық колледжінде жалғастырды.

Қазір Людмила Бейлованың жасы 70-те. Әке жолы қуып ғұмырының жартысын, яғни 44 жылын ұстаздыққа арнаған жерлесіміз отанына да отандастарына да шексіз ризашылығын білдіріп, алғыс айтуда.

 

Молдир Макишева