МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдіктің отырысы

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біз 22 ақпан күні жер мәселесіне қатысты туындаған барлық сауалдарды кешке дейін қарастырдық. Жұмыс жүргізу тәртібі белгіленді. Аталған сұрақтардың барлығы «Интегро» жүйесіне енгізілді. Оның орындалу барысын сайттан қарап отыруға болады. Жалпы аудан және қала әкімдері халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жеткізе білуі тиіс. Оның ақсап тұрғанын есептік кездесулер барысында аңғардым. Егер жолдарды жөндеуге қыруар қаржы керек болса, онда нақты жауабын айтыңыздар. Бос уәде берудің қажеті жоқ. Өйткені, біздер ең алдымен әлеуеті жоғары елді мекендерді көтеру керекпіз.

Алда қазақстандықтарды үш бірдей мереке күтіп тұр. Олар өңірде қалай тойланады? Әңгіме ауаны солай қарай ауды. 1-ші наурыз алғыс айту күні теріңскейде этностар форумы, дөңгелек үстелдер мен көрмелер сынды 126 іс шара өтетін болады.

Әсем Рахметова – СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы: 

– «Этно-fashion» деп аталатын ұлттық киімдердің фестивалі ұйымдастырылмақ. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар клубтары қатысады. Тағы мерекелік концерт әзірленуде. Ал «Қайырымды көршіге рахмет!» атты жалпы республикалық акция аясында Тайынша ауданындағы Ясная Поляна ауылында ауқымды шара өткізілетін болады. Оған өңірдің барлық этонмәдени бірластіктерінің өкілдері қатысады.

Алғыс айту күні тектен-тек таңдалмаған мереке. Ол – елімізге еріксіз көшірілген мыңдаған ұлттың қазақ халқына деген шексіз ризашылығынан туған дата. Сондықтан бұл күні тарихқа бір көз жүгіртіп, еске алу үшін мұражайларда ашық есік күндері өткізілмек. Халықаралық әйелдер күнін тойлау шаралары да ерте басталады. 7-ші наурыз күні Н.Погодин атындағы орыс драма театрында салтанатты шара өтіп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандылар марапатқа ие болмақ. Онда опера әншісі Азамат Жылтыркөзов өнер көрсетеді.

Нақ сол жерде тек 9-шы наурыз күні «Мона» спектаклі көрерменге ұсынылмақшы. Ал аудан және қала әкімдері мереке күні сәбилі болған әйелдерді құттықтайды. Өңірде Наурыз мерекесін де ерекше тойлау жоспарлануда. 17-ші наурыз күні ақындар айтысы өтеді, ал мейрамды салтанатты түрде наурыздың 21-інен бастау алады. Концертте отандық эстрада жұлдызы – Айқын Төлепберген өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Бұл күндері Қазақстан Конституциясы көшесінің өне бойында мерекелік шаралар өткізілетін болады. 12 киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылмақ. Петропавлдықтар тегін наурыз көже, шәй, палау және бауырсақтардан дәм тататын болады.

Осы ретте облыс әкімі киіз үйлер барлық тұрғындар үшін ашық болуы керектігін ескертті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Барлығы ашық болуы тиіс. Киіз үйлердің сырты да іші де әдемі ұлттық стильде безендірілуі қажет. Оны халық көруі керек. Сондықтан белгілікті бір адамдарды ғана кіргізіп алып, тамақтандыру орнын істемеңдер. Бірде-біреуі жабық болмасын.

Бұдан бөлек, сауда ойын-сауық кешендерінде де түрлі шаралар өткізіледі. Сондайлардың бірі – Ситимол кешені. Онда спорттық жарыстар мен ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырлмақ. Наурыз жаңару мерекесі. Сондықтан облыс әкімі барлығын аулалар мен үй маңдарын тазартып, қалыпқа келтіруге шақырды. Жиында көтерілген тағы бір мәселе – коммуналдық меншіктегі мекемелерді жекешелендіруге қатысты болды. Оның аясында әкімшілік шығындарға жұмсалуы тиіс 129 млн. теңге үнемделген.

Наталья Дышкант – СҚО қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Жекешеліндуріге тағы Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Жасыл Есіл» ЖШС-нің мемлекетке тиесілі 49 пайызы қатыстырылды. Өткен жылы оны алуға өтініштер түскен жоқ. Қазір үлестің бағасы нақтылануда. Қазір тағы екі кәсіпорын, Қызылту Тас және «Солтүстік» басқарушы коммпианиялары серіктестіктері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оларды сату шаралары биыл жүргізілмек.

Бүгіндері Петропавлда екі нысанды тарату жұмыстары да жүргізілмек. Ол – тілдерді оқыту орталығы мен ботаникалық бақ.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Ботаникалық бақты біздер сақтап қалу керкпіз. Сондықтан, халық арасында оның жабылатыны туралы қауесет тарамауы тиіс. Тек ондағы заңды тұлғаны таратып жатырмыз. Бұл ретте түрлі қауесеттер жүр. Ол жабылды деп айтып жатқандар да бар. Бірақ біздер бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап, кейін нақты шешім қабылданады.

Қайта құру шаралары Петропавлдағы балалар үйін де күтіп тұр. 200 адамға шақталған нысанда қазір 70 бала ғана тәрбиеленуде. Күзге қарай олардың 50-ге дейін қысқармақ.

Күлпаш Қалғожина – СҚО білім басқармасы бьасшысының орынбасары:

– Нысанда бүгінде 100 адам жұмыс істейді. Солардың 56-сы педагогтар. Сондықтан оны Полудино балалар үйімен қосу амалдары қарастырылып жатыр.

Жиын соңында «Солтүстік» қысқы спорт ойындарының қортындысы мен минералды тыңайтқыштарға субсидия бөлу мәселелері сөз болды.

 

Магжан Ахмадина