МТРА жаңалықтары

Студенттерге ІТ бағытында шеберлік сағаты өткізілді

Бұл орайда, ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы қорының баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Берлібайдың айтары бар. Мейман студенттерді әлуметтік медиа, соның ішінде блогчейн технологиясымен таныстырды. Оның көмегімен кез-келген адам өзін немесе тауарын жарнамалап, өзгелерге танымал етуге болады.

Ақерке Берлібай – ҚР тұңғыш Президенті- Елбасы қорының баспасөз қызметітінің жетекшісі:


– Блокчейн технологиясын түрлі салада қолданысқа енгізуге болады. Сол арқылы ғаламторға жүктелген мәліметтер серверде мәңгіге сақталады. Оны ешкім өшіре алмайды.

Осы тұста Ақерке Берлібай жастарға әлеуметтік желілерде әдеп сақтау, постар мен суретті дұрыс орналастыру тәртібін үйретті. Дәріске М.Жұмабаев колледжінің студенті Меруерт Сұлтанова да қатысты. Нәзік жанды осы семинардан оқу әдістемесін ғаламтор арқылы сатып қосымша пайда табуға болатынын білді.

Меруерт Сұлтанова – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

– Маған семинар ұнады. Болашақта үлгілі ұстаз атанып, өзімнің жеке оқу әдістемелерімді өзге әріптестеріме интернет арқылы сатқым келеді.

Университеттің басқа аудиторияларында ІТ бағытындағы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шара барысында студенттерге электрондық сауданы дамыту, маркетинг жүйесі туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Берік Қасен