Балалар

Петропавлда облыстық “Демеу жұлдыздары” байқауы өтті

Онымен қоса, 15 жасар жеткіншек өзі де ана, мектеп, қазақ жастары және тіл тақырыбына қалам тербейді екен. Бос уақытында 8-ші сынып оқушысы шахмат және тоғызқұмалақпен айналысады. Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан, Арғын бүгін көрерменнің жылы ықыласына бөленді.

Арғын Есенгелді – Бәйтерек орта мектебінің 8-ші сынып оқушысы:

– Мен бүгінгі байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Жалпы Абайдың, М.Жұмабаевтың, М. Әуезовтың өлеңдерін ұнатамын.

Ал мына трио №1 арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен жасақталыпты. Олар “Хейлан” әнін көрермендерге ым-жыммен түсіндіріп, әсем бимен әрледі.

Бүгінгі байқауда вокал номинациясында өнер көрсетушілер аз емес. Қазір сахнада Серік Жұмабек “Алаш” әнін нақышына келтіріп орындауда.

Облыстық “Демеу” жұлдыздары байқауы осымен 3-ші рет өткізілуде. Дәстүрге айналған сайысты әділ қазылар алқасы 4 аталым бойынша бағалайды. Биылғы байқауға қатысуға 180-ге жуық жеткіншек ниет білдірген. Олар қолөнер бұйымдары, вокал, би және өлеңді мәнерлер оқу номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Резеда Баймұхаметова – ұйымдастырушы:

– Бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сайыс өткізіп жатырмыз. Жыл сайын қатысушылардың қатары артуда.

Сайысқа қатысушылардың ешбірі марапатсыз қалмайды. Оларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар қарастырылған.

Молдир Макишева