Құқық қорғау органдары

Ресей еліне өтпек болған Ауғанстан елінің азаматтары ұсталды

– Мы захотели поехать в Россию. 6 – 7 дней назад на поезде приехали в Астану, с Астаны на «Газели» – в сторону Петропавловска, потом хотели поехать в Россию. На границе полиция нас задержала. Прописки не было, документов правильных не было – пришлось сюда приехать.

Аталмыш факті бойынша көші-қон қызметінің мамандары әкімшілік материал жинап, істі сотқа жіберді.

Қанат Наурызбаев – СҚО ІІД көші-қон полиция басқармасының инспекторы:

– Рейд барысында 2 Ауған азаматы ұсталды. Олардың ісі сотқа тапсырылды. Енді заңбұзушыларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

“Мигрант” іс-шарасы ақпанның 20 мен 22 аралығында ұйымдастырылды. Үш күндік рейд барысында 204 шетелдік азамат ұсталған. Ал қаңтар айында 1877 заңбұзушы анықталып, оның 119-ы – әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

Молдир Макишева