Мәдениет

Қазақ және Түрік халықтары қайраткерлерінің есімдері ұлықталды

Ортада жергілікті “Назқоңыр” қобызшылар ансамблінің қыздары өнер көрсетуде. Бұрымдылар Алаштың арысы, жергілікті Мағжан Жұмабаевтің “Япыр-ай” күйін құлақтың құрышын қандыра орындады. Бұдан бөлек, кеште Құрманғазы, Сегіз серіден бөлек, түріктің Алише́р Навои́ сынды ұлдарының есімдері ұлықталып, еңбектері сөз болды.

Турсун Танрыкулу – “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасы:

– Өткен күнге көз жүгіртсек қос елдің әдебиеті мен тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар болды. Солардың өмір жолдарын, еңбектерін білуіміз керек. Олар жайлы жастарға айту басты парызымыз деп білемін. Сол себепті осындай тамаша шара ұйымдастарымыз отырмыз.

Бүгінге кешке Мадина Кабжанова да қатысып отыр. Қазақтың қара домалақ қызы Түрік халқының ұлттық киімін киіпті. 17 жастағы жерлесіміз түрікшені ана тіліндей біледі. Бойжеткен бауырлас елдің ақын-жазушыларының еңбектерін сүйіп оқиды екен.

Мадина Кабжанова – “Түрік мәдениеті” ҚБ мүшесі:

– Түрік халқы ақын-жазушыларының шығармаларында ерекше мағына бар. Сондықтан олардың туындыларын оқығанды ұнатамын.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірімізде түрік халқының 35 өкілі тұрып жатыр.

 

Култанов Байболат