Мәдениет

Ақын Тоқтар Зікіриннің жыр жинағы көрерменге таныстырылды

Жарасбай Сүлейменов – Солтүстiк Қазақстан газетiнiң бас редакторы:

– Тоқтар әсіресе ауыл туралы, ағайын туралы жазғанды жаны сүйеді. Туындыларын оқып отырым өз өміріңді көз алдына келтіресін. Ойланасың, толғанасың.

Жарасбай Сүлейменов айтып отырған ақынның жүрек жарды өлеңдері қос кітабында басылған. Автордың алғашқы еңбегі “Жан шуағы” 2007-ші жылы шықты. Ал “Көңіл көкжиектері” 2009-шы жылы жарық көрген. Міне, араға біраз уақыт салып тағы бір туындысының тұсауы кесіліп отыр. “Тіршілік тынысы” деп аталған жинаққа 170-тен аса сиясы әлі кеппеген жыр шумақтары топтастырылыпты. Бұл өлеңдерді теріскейлік жастар оқып берді.

Жүректен шықан өлеңдер жергілікті ұл-қыздардың көңілінен шығыпты.

Іңкәр Ермек – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Маған “Тілші болдым дегенше” деген өлең қатты ұнады. Онда журналистердің жұмысы жайлы жазылған.

Тоқтар Зікірин бұл туындысымен тоқтап қалмақ емес. Шалқар шабыттың иесі болашақта тағы бірнеше жыр жинағын шығаруды көздейді. Қазір азамат тынымсыз еңбектеніп, өлеңдер жазуда.

Тоқтар Зікірин – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:

– Болашақ кітабымды “Бұл бір дәурен” деп атағым деп келеді. Оның жартысынан астамын жазып қойдым.

Жерлесіміздің “Тіршілік тынысы” атты жыр жинағы 2000 дана болып басылыпты.

 

Култанов Байболат