Құқық қорғау органдары

Теріскейлік полицейлер “Қауіпсіз жол” акциясын өткізді

Азамат Қабиев, СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

– Бұл азамат экспертизаға жіберілді. Нарколог-дәрігер оның рөлге ішкілкті күйде отырғанын дәлелдеп берді. Бұдан кейін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жауапсыз жүргізуші 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы тиіс.

Азамат өзінің мас күйде рөлге отырғанын жоққа шығарған жоқ.

– Аздап ұрттап қойған едім. Алғашқыда осында қалып, таңертең жолға шығамын деп ойлағанмын. Тағы бір-екі рөмке көтергеннен кейін, бойыма қуат бітіп, үйіме бір-ақ тарттым. Полицейлер бекетте тоқтатты.

“Қауіпсіз жол” акциясының аясында құқықбұзушылықтардың кез келгені тәртіп сақшыларының жіті бақылауында. Жаяу жүргіншілер де назардан тыс қалмайды. Мәселен, 18 жастағы мына бозбала Мир көшесінің бойында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп барады. Студенттің олқылығын жедел басқару орталығының камерасы түсіріп алған.

“Қауіпсіз жол” акциясы басталғалы бері теріскейлік полицейлер жолға мас күйде шыққан 22 жүргізушіні анықтапты. Ал жүргіншілер тарапынан 212 заңбұзушылық тіркелді.

 

Саят Ермек