Балалар

Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде ашық есік күні өтуде

Ұлжан Жорақұлова – Петропавл ст. желілік ішкі істер бөлімінің инспекторы:

– Темір жол бойында көп адам қатынайтыны баршамызға белгілі. Мұнда жолаушылардың барлығы қауіпсіздік шараларын ұстану керек. Яғни, белгіленген платформада тұрған поезға бару үшін тек канкорс, көпір немесе арнайы жол арқылы өту керек. Егер, теміржол рельстерінің үстімен бей жай өте берсе айыппұл салынып не ескерту жасалады. Оның мөлшері 3 АЕК-ті құрайды.

Жалпы, жыл басынан теріскейлік тәртіп сақшылары рельстердің үстімен жүрген 315 тұрғынға ескерту жасапты. Сақтықта қорлық жоқ демекші, мамандар теміржол маңында абай болып, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Бүгінгі алдын-алу шарасына келген Қызылжар ауданы Березовка орта мектебінің оқушылары темір жол бойында қоғамдық тыныштықты бақылайтын жандардың күнделікті жұмыс барысымен де таныса алды. Ұл-қыздар бұл бізге жақсы сабақ болды дейді.

Зоя Никитинских – Березовка орта мектебінің 7- сынып оқушысы,Қызылжар ауданы:

– Бізге бүгін вокзалда болғанда, рельстердің үстімен жүрмей, арнайы жолдармен жүру керектігін айтты. Қозғалыстағы поезға жақындауға болмайтындығын ескертті.

Темірлан Ескендіров – Березовка орта мектебінің 7- сынып оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Бүгін бізге көптеген пайдалы мағлұмат берілді. Темір жол бойын жақсылап араладым. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының жұмысымен таныстым.

Жалпы Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөліміндегі ашық есік күні ақпанның 24-іне дейін жалғаспақ.

Тогжан Акмагамбетова