Қоғам

Абылай хан резиденциясында Смирнов қарттай үйін паналаушылар үшін экскурсия өтті

Меруерт Әшімова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

– Екі жыл ішінде мен өз дүниетанымымды байыттым. Оған қоса қалың көпшілік алдында еркін сөйлей аламын. 01-48 Абылай хан резиденциясында әзірге мен бір ғана залда экскурсия жүргіземін. Оған қоса өзімнің мектебімнің мұражайындағы экскурсия менің мойнымда.

Резиденция мамандары қарияларды музейдің әрбір залымен таныстырып, тарихи жайттарды әңгімеледі. Абылай хан туралы жақсы білетін ақсақалдар, ұлы қолбасшының теріскейдегі баспанасына бас сұққандарына дән риза.

Жамбырбай Бексұлтанов – Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов жалпы үлгідегі интернат-үйін паналаушы:

– Абылай хан қазақтың үш жүзін біріктірді. Ер тоқым, саймандарын көрдік. Барлығы ұнады.

Резиденцияның тақ залында Абылай ханның мүсіні орналасқан. Сондықтан, да бұл басты бөлмелердің бірі саналады. Мұнда тағы жауынгерлердің киімі мен қару-жарақтары жайғастырылған. Құнды заттардың арасында тарихы тереңде жатқан жәдігерлер де аз емес.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– 18-ші ғасырға тиесілі найзаның ұшы резиденция қорына келіп түскен соңғы экспонаттардың бірі. Жәдігерді Тышқан деп аталып кеткен батырдың ұрпақтары «Мүзейге сый тарту» акциясы аясында ұсыныпты. Баһадүрдің шын аты – Қазбек. Жауынгер кезінде Абылай ханның сенімді серігі мен сарбазы болған екен.

Мұражай кешенге келген қонақтарды қазақтың үш жүзін біріктірген ұлы Абылай ханның өмірімен таныстыру мүмкіндігі тағы 3 оқушыға бұйырыпты. Олар – жоғарыда аталған сайыстың жүлдегерлері мен көрермен көзайымы аталымының жеңімпазы.

Әсемгүл Қыдбекова – «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені директорының орынбасары:

– Бұл қайырымдылық іс-шара. Бұл үйірмені әрі қарай жалғастыру үшін «Асыл қазына» шарасын ұйымдастырудамыз. Оны ағымдағы жылы 4 мәрте өткіземіз. Алдағы уақытта жас өлкетанушы үйірмесі де жұмыс істейтін болады.

Айту керек, биыл «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің ашылғанына – 10 жыл толып отыр.

Эльмира Садвокасова