Денсаулық сақтау

Туберкулездің дәріге тұрақты түрін тез емдейтін препараттар СҚО-да бар

Кенжегүл Әріпова – Облыстық туберкулезге қарсы диспансер бөлімшесінің меңгерушісі:

– Бедаквилин дәрісін 2012 жылы АҚШ ғалымдары ойлап тапқан. Алғаш рет те сол жерде қолданысқа енді. Тиімділігін және туберкулезге қарсы нәтижелілігін көрсеткендіктен, бүкіл әлем бойынша қолданыла бастады.

Өткен жылы өңірімізде 657 теріскейлік туберкулезбен ауырса, олардың 427-сі дәріге тұрақты түріне шалдыққан. Атап өткен жөн, бұл сырқаттың емі 2-3 жылдай уақытты алады екен. ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы күреске арналған жаһандық қор есебінен дертке қарсы дәрілерді елімізде алғаш рет 2016 жылы қолдана бастады. Қанатқақты жоба Астана, Алматы қалаларында іске қосылып, кейін барша Қазақстан бойынша жүзеге асқан. Мамандар бұл емдеу тәсілі арқылы алдағы уақытта Республика көлемінде туберкулез эпидемиясын жоюға ниетті.

Кенжегүл Әріпова – Облыстық туберкулезге қарсы диспансер бөлімшесінің меңгерушісі:

– Туберкулездің дәріге тұрақты түріне 1960 жылдан бастап табылған алғаш дәрі. Барша Қазақстан бұл препараттармен тегін қамтылды.

Биыл өңірімізде алғаш болып дәрі-дәрмектің шипасын 30 адам көрмек. Әзірге, препараттарды тек ересектер емінде қолдануға рұқсат етіліпті.

 

Эльмира Садвокасова