Балалар

Петропавлда STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» байқауы бастау алды

Талант Арыстанбек – байқауға қатысушы:

 

– Мен “Он пласт 3т” телефонын ұстаймын. Бұл телефонның аксессуарлары қаламызда жоқ. Сол себепті интернет дүкен ашқым келеді.

Ал, Юля Свистунова өлкеміздегі туризм саласын дамытқысы келеді. Ол табиғаты шұрайлы теріскейдегі демалыс орындарының бағытын жасамақ. Бұл идеясына “Арт-Строй” серіктестігінің директоры өз ұсынысын білдірді.

Ильгам Валишин – “Арт-Строй” ЖШС директоры:

– Жобаның міндетті түрде электронды қосымшасын әзірлеу керек. Ол жерде демалыс орындары жайлы барлық ақпарат болуы міндетті. Яғни қай нысанға бірінші аялдаған дұрыс, қай жерде тамақтануға болатыны жазылу қажет.

Жалпы, бүгін STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» байқауының алғашқы кезеңі өтуде. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы 440-тан астам теріскейлік қатысып жатыр. Бүгін бұл жандар жобаларын жетекшілеріне көрсетуде. Бұдан соң, олар жұмыстарының кем-кетік жерлерін түзеп ертең ұйымдастырушылар алдында қорғайды. Кейін, үздіктері іріктелініп, 2-ші кезеңге жолдама алады. 

Бақытгүл Қасымова – ҚР БжҒМ жанындағы “Өрлеу “БАҰО” АҚ басқарма өкілдігінің бөлім басшысы:

– Олар мамыр айында Астана қаласына келеді. Ол жерде мамандар жобаларды дамыту жайлы дәріс береді. 3-ші кезеңде бизнес легерь ұйымдастырылмақ. Онда қатысушылардың жобалары қаржыландыра бастайды.

Байқаудың 4-ші кезеңі де қараша айында Астана қаласында өтпек. Онда барлық үміткерлердің арасынан 50 үздік идея авторы анықтанылып, жеңімпаз белгілі болады.

 

Култанов Байболат