МТРА жаңалықтары

Петропавлда робототехникадан жарыс өтті

Дияр Серік – жарысқа қатысушы:

– Бұл роботты мен екі апта ішінде жасадым. Жарық тетігін орнату қиын болды. Ол қара сызықты көргенде тоқтап, роботтың кейінге шегеру қызметін атқарады.

Роботтың мақсаты кәдімгі сумодағыдай – қарсыласын қара шеңбердің сыртына шығару. Бұл тапсырманы құлтемірлер сәтті орындап шығуда. Олардың әр қадамы арнайы жазылған бағдарламада қарастырылыпты. Алайда, кейбір өнертабыстар журналистердің камерасы сияқты бөгде заттарға еліктеп, нысаналарын жоғалтып алып жатты.

Қайсар Сәрсенбаев – Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының робототехника үйірмесінің жетекшісі:

– Бүгінде робототехникаға үлкен көңіл бөлінуде. Үйірмеге қатысатын балалардың да саны артып келеді. Сондықтан, осындай шараларды жиі өткізіп, жеткіншектердің қызығушылығын арттырмақпыз.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының робототехника үйірмесіне бүгінде 20-дан астам жеткіншек қатысуда.

 

Эльмира Садвокасова