Мәдениет

Теріскейліктер “Масленица” мейрамын атап өтті

Масленицаны тойлауға келген халықтың санында қисап жоқ. Ұлт пен ұлысқа бөлінбеген солтүстікқазақстандықтар мерекеге ерекше дайындалыпты. Кеңінен жайылған дастархандар тәтті тағамдарға лық толы. Ең бастысы әр бірінде мейрамның басты нышаны – құймақтан дәм тату мүмкіндігі бар.

“Масленица” мейрамы бір жұма тойланды. Әр күннің өз ерекшелігі бар. Мысалы, сәрсенбіде тәттілер әзірленсе, жексенбі – кешірім сұрау күні. Бұл апта бойына дос-жаран, туысқандар бір-бірінің үйін аралап, түрлі құймақтардан тәм татулары тиіс.

– Масленица мерекесі баршамызға құтты болсын. Деніміз сау болып, Қазақстанымыз көркие берсін.

– Аязға қарамастан, масленица мерекесін жұртпен бірге тойлауға келдік. Шара көңілді өтіп жатыр.

– Солтүстікқазақстандықтарды масленица мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.

Бұл мерекеде әркім жаны қалаған шараға қатысуда. Осылайша, бүлдіршіндер төбешіктен сырғанап ойнаса, білекті жерлестеріміз түрлі байқауларда бақтарын сынап жатты. Тіпті, ағаш бағанмен өрмелеп, ұшар басына тігілген жүлдені алудан үміткерлер де аз емес.

Мерекенің соңында сабаннан жасалған мүсін, яғни қарақшы жағылды. Ол қарды жібітіп, көктемнің келуін жақындатады деген наным бар.

 

Ешкенова Дана