МТРА жаңалықтары

Сақтықта қорлық жоқ

Сондай кездесулердің бірі «Нептун» аквапаркінде өтті. Мұнда қала тұрғындары күнделікті келеді. Сондықтан, нысанда бейнебақылау камералары көптеп орнатылған. Десе де, өзге сақтық шаралары да ұмытылмауы тиіс дейді полицейлер. Осы орайда, тәртіп сақшылары жиынға қатысқан 50-ге жуық қызметкерге бөгде заттар табылған жағдайда 102 нөміріне хабарласуды ескертіп, тұрғындарды эвакуациялау жолдарын түсіндірді.

Азамат Хасенов – СҚО IIД экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi басқарманың аса маңызды iстер бойынша аға жедел уәкiлi:

– Әрине мұндай жағдайда барлығының абдырап қалатындығы түсінікті. Десе де, қарапайым ережелерді естен шығармаған жөн. Ең алдымен, мұндай хабар жете салысымен, тұрғындарды сыртқа шығару керек. Тағы бір маңызды жайт табылған затты қозғамаған абзал. Көбіне, қылмыскерлер нақ адамдар көп шоғарланатын жерлерді таңдайды. Сондықтан дұрыс әрекет етудің арқасында өзіңіздің және өзгенің өмірін сақтап қалуға болады.

 

Магжан Ахмадина